Теміртау тұрғыны жас баланы үгіттеп, Сириядағы соғысқа жіберген

Теміртау тұрғыны жас баланы үгіттеп, Сириядағы соғысқа жіберген
ашық дереккөз
Теміртау тұрғыны жас баланы үгіттеп, Сириядағы соғысқа жіберген

pogudx17virfjmr6po.31871150Қарағанды облысында терроризмді насихаттап, ұлтаралық араздықты қоздырғаны және кәмелетке толмаған жастарды қылмыстық террористік топқа тартқаны үшін Теміртау тұрғыны 13 жылға сотталды.

Судья Төлеген Таңсықбаевтың айтуынша, сотталушы Теміртаудағы қоғамдық орындарда терроризмді жақтайтын идеяларын айтып, адамдарды қарулы жиһадқа қатысуға шақырған.

«Сотталушы жастарды террористік ұйымдардың мүшесі болуға шақырған. Бұдан бөлек, ол радикалды исламды қолдамайтындарды «кәпір» деп атап,ұлтараздықты қоздырған», – деді судья.

Сотталушы жастарды Сириядағы соғысқа қатысуға үгіттеген. Атап айтар болсақ, ол кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұшақпен алдымен Мәскеуге, кейін Түркияға жіберген. Ол шекара арқылы Сирияға өтіп, «Имарат Кавказ» халықаралық террористік тобының құрамына кіреді.

Одан бөлек, сотталушы тек исламды ұстанатын адамдар арасында аралас жекпе-жектен жаттығу ұйымдастырып тұрған.

Сот күдіктіні мүліктерін тәркілей отырып13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Ұқсас жаңалықтар