Соңғы уақыттары интернет желісін пайдаланушылардың арасында «Кім саған ғашық?» және «Сен қай елде өмір сүруің керек?» деген интернет-тестілер Facebook-ті жаулап алды және олар әлеуметтік желіде аса танымал болып барады. Тіпті, өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар да бұл сауалнамалардың көмегіне көп жүгінетін болған. Дегенмен, сарапшылар сауалнамалар қауіпті болуы мүмкін дейді. Ол қандай қауіп? Тест сұрақтарын жариялайтын ресурстардың иелері өз парақтарында жарнаманы жиі орналастыру арқылы пайда табады. Интернеттегі тестілер қарапайым әрі тартымды болатыны да сондықтан. Өйткені олардың негізгі мақсаты – пайдаланушыларды қызықтыру. Десек те, осындай тестілердің танымалдығы алаяқтардың назарын аудартуы мүмкін. «Газета.Ru» сайтына берген сұхбатында Zecurion компаниясы бас директорының орынбасары Александр Ковалев пайдаланушылардың көптеп шоғырлануы киберқылмыскерлердің назарын аудартуы мүмкін дейді. Оларды қызықтыратыны «тест ойлап шығар да Facebook-ке кіруге мүмкіндік ал» деген қарапайым әдіс. Әзірше, тестілердің көмегімен жеке адамға қатысты мәліметтерге ие болу оқиғалары әлі кездескен жоқ, дегенмен бұл кейін белең алуы мүмкін. «Қандай да бір мега танымал тест немесе сауалнама сериясына вирус жүктесе болғаны, ол барлық пайдаланушылардың жеке және қаржы мәліметтерін жинақтайтын болады. Бұл өте қауіпті», – деп ескертеді сарапшы. Сол үшін тестке жауап қайтарғанда мұқият болу керек. «Профильге кіруге рұқсат сұралғанда, пайдаланушы әдеттегідей «келісемін» деп баса салуы мүмкін. Қауіпті сауалнамалар басқаларына ұқсас етіп жасалады, оны адамдар айыра алмай қалады», – дейді маман. Сарапшының айтуынша, мұндай тесті арқылы пайдаланушының аты-жөні мен электрондық поштасының адресі ұрланып, олар кем дегенде спам ретінде таратылуы мүмкін. Дұрысы тестілердің жанындағы сілтемелерге де өтпей-ақ қойған дұрыс, электрондық пошта, банк карталарының мәліметі мен құпия сөздерін, телефон нөмірлерін енгізбеген абзал.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді