Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды
ашық дереккөз
Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қатынайтын халықаралық пойыздарға билеттердің арзандайтынын хабарлайды.

Мысалы, осы жылдың тамыз айында №301/302 «Алматы-Новосибирск» пойызына купеге билет алсаңыз оның бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 15 528 теңге, 30 тәуліктен бері 18 305 теңге болады. Ал енді 2015.13.09 кейін сол купенің билеті 30 тәуліктен әрі қарай 14 404 теңгені, 30 тәуліктен бері 16 977 теңгені құрайды.  src= Немесе осы жылдың тамыз айында №071/072 «Астана-Мәскеу» пойызының плацкарт вагонына билет алсаңыз оның бағасы 2015.13.09 дейін 30 тәуліктен әрі қарай 25 188 тенге, 30 тәуліктен бері 29 024 тенге болады. Ал 2015.13.09 кейін сол билет бағасы 30 тәуліктен әрі қарай 21 797 тенге, 30 тәуліктен бері алсаңыз 25 112 теңгені құрайды.

Ұқсас жаңалықтар