- Advertisement -

Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

70

- Advertisement -

pogudx50gie3tc8i8.c2356766Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

«Ауылшаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін, «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

1990 жылдан – ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан – Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

1996 жылдан – Қазақстанның Бас хатшысы. 1996 жылдан – премьер-министрдің бірінші орынбасары – Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан –  президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан – Қазақстанның Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

2001 жылдан – Ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан – премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан – премьер-министрдің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан – Ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері – Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып келді.

Сонымен бірге 2008 жылдан бері «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы.

«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support