- Advertisement -

Сарапшы: Қырғызстаннан арзан көлік ағынын күтудің қажеті жоқ

66

- Advertisement -

pogudx5nikqe3pu3r.e27e1754Қырғыз елінің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды. 6 тамыздан бастап көрші мемлекет Еуразиялық экономикалық одақтың ресми әрі толыққанды мүшесі болды.

Қырғыз-қазақ шекарасын салтанатты түрде ашу шарасы келесі аптаға жоспарланған. Ал бұл өз кезегінде көлік аламын деушілерге сеп болмақ. Демек бұрынғы шектеулер жойылады.

Бірақ ЕЭО аясындағы талаптар негізінде рәсімделмек. Демек «Еуро 4» талабына сай келмейтін, рулі оң жақтағы темір тұлпар кіргізілмейді. Сарапшылар сөзіне сүйенсек, айырқалпақты көршіден көлік ағынын күтудің қажеті жоқ. Себебі Дүниежүзілік сауда ұйымына жол ашылғанда, таңдау аясы да кеңейеді. Ал Қазақстан тек желтоқсан айында аталған ұйымның толыққанды мүшесі атанады.

«Қазіргі уақытта көп адамдар Қырғыз елінен біраз тауарлар келеді, олар біздің нарықты басып қалады деп ойлауы мүмкін. Менің ойымша, ондай қорқыныш жоқ. Қазіргі уақыттың өзінде олар автокөлік бағасын көтеріп қойды. Оның үстіне келер жылдан бастап біз ДСҰ толыққанды мүшесі боламыз. Оның бүкіл шарттары орындалады»,- деді экономист Мақсат Халықов.

Қазіргі уақытта көп адамдар Қырғыз елінен біраз тауарлар келеді, олар біздің нарықты басып қалады деп ойлауы мүмкін. Менің ойымша, ондай қорқыныш жоқ.

Кедендік одаққа енгенімізге 5 жылдай уақыт өтті. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа биыл кірдік. Осы бірлестікке мүше мемлекеттер арасында 14 мың тауарға нөлдік кеден тарифы бекітілген.

Қырғыз елі өз нарығын қорғау мақсатында, біраз қауіпсіздік шараларын қарастырған. Яғни қырғыз еліне импортталатын тауарлар төмендетілген баж салығымен тасымалданады. Ал өзге мемлекеттерге шығарылғанда қосымша кедендік ставкалар төленуі қажет.

«Қырғыз елі тауардың 170 түріне ерекше ережелердің бекітілуін қарастырды. Оларға деген талап 10 жылға дейін сақталмақ. Бұл тізімге жеңіл, жүк көліктері де ілікті. Яғни, осы уақыт аралығында Қырғыз Республикасы өз баж салығын пайдаланатын болады», – деді Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков.

«Еуро 4» талабына сай келмейтін, рөлі оң жақтағы темір тұлпар кіргізілмейді.

Өткен жылы қырғыз-қазақ тауар айналымы 900 миллион доллардан асқан. Елімізден көрші мемлекетке негізінен астық, құрылыс заттары, жанар-жағармай мен киім-кешек тасымалданады. Енді шекарада баж салығы мен қосымша тексерулердің алып тасталуы экспорт пен импорт деңгейін көтеруге септеседі, дейді мамандар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support