Алматыда бірден 9 жеке үй өртеніп кетті
7 шілде күні түнде Алматыда жеке секторлардың бірінде алапат өрт болды.
Алматының Жетісу ауданындағы Тобаяқов пен Котовский көшелерінің қилысында бірден 9 жеке үй өртеніп кетті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.
Өрттің тұтануына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Оқиға барысында зардап шеккендер мен қаза болғандар табылмаған.
Алайда ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедованың хабарлауынша, өрт сөндіру кезінде 1952 жылы туылған Захаров деген азаматтың мүрдесі табылған.
Сондай-ақ, өрттен 14 отбасы зардап шеккен.
Өртті сөндіруге негізгі техниканың 14-і және арнайы екі техника, сонымен бірге жеке құрамнан 70 адам жұмылдырылған.
Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді