Небәрі 12 жастағы британдық қыз Эйнштейн мен Хокингті басып озды

Небәрі 12 жастағы британдық қыз Эйнштейн мен Хокингті басып озды
ашық дереккөз
Небәрі 12 жастағы британдық қыз Эйнштейн мен Хокингті басып озды
20150805130037Британдық мектеп оқушысы Николь Барр өзінің 12 жасында Жер жүзіндегі ең ақылды адамдардың қатарына енгендігін мәлімдеді. Оның ақыл-парасатының коэфициенті бүгінде 162-ге тең. Бұл көрсеткіш адамзаттың данышпандары Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де жоғары. Қыз бала оларды екі балға басып озды. Оның ата-анасы тест нәтижесін жариялады. Никольдің анасы Молли Бакленд қызының қай жұмысты болмасын, жан-тәнімен беріле атқаратындығын айтады. Ол өскенде дәрігер болуды армандайды екен. Әкесі Джеймс Барр кіреберіс жолдарды жөндеумен айналысады. Айта кетейік, ересек адамның ақыл-парасатының орташа деңгейі 100 балға тең. Егер көрсеткіш 140-тан асса оны данышпан деуге болады. Николь Барр тест нәтижесіне сенер-сенбесін білмей, қатты таңырқауда, деп жазады planet-today.ru.  

Ұқсас жаңалықтар