Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді

Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді
ашық дереккөз
Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді
Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген 32 168 гранттың 500 орыны - ЖОО дайындық бөлімдері арасында, ал 29 668 грант 1 курсқа қабылданатындарға бөлінген, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны - 29 168, ал сырттай - 500. "Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 жоғары оқу орны алды. Бөлінген гранттардың ішінде 12,6 мың грант - техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6 мыңға жуық грант - педагогикалыққа, 2 690 грант ауыл шаруашылық және мал шаруашылық мамандықтарына қарастырылған", - дейді баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, биыл білім гранттарын алуға 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 адам - қазақ тілді, ал 14 215 - орыс тілді. Сонымен қатар, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша студенттерді оқыту квотасы шеңберіне 6 457 адам қатысады.

Ұқсас жаңалықтар