«Е» тобы еңсемізді түсірмесін
әлем чемпионатының іріктеуіндегі
ұлттық құраманың бәсекелестері белгілі болды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрама командасы «Е» тобында Румыния, Дания, Польша, Черногория және Армения құрамаларымен әлем чемпионаты жолдамасын сарапқа салатын болады.
Жеребенің толық нәтижесі төмендегідей:
«А» тобы – Люксембург, Беларусь, Болгария, Швеция, Франция, Нидерланды;
«В» тобы – Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Венгрия, Швейцария, Португалия;
«С» тобы – Сан-Марино, Әзірбайжан, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Германия;
«D» тобы – Грузия, Молдова, Ирландия, Сербия, Австрия, Уэльс;
«Е» тобы – Қазақстан, Армения, Черногория, Польша, Дания, Румыния;
«F» тобы – Мальта, Литва, Словения, Шотландия, Словакия, Англия;
«G» тобы – Лихтенштейн, Македония, Израиль, Албания, Италия, Испания;
«Н» тобы – Кипр, Эстония, Грекия, Босния және Герцеговина, Бельгия;
«І» тобы – Финляндия, Түркия, Украина, Исландия, Хорватия.
Көп ұзамай іріктеу кезеңінің күнтізбесі де анықталды. Красножанның шәкірттері әлемдік мундиаль іріктеуінің алғашқы ойынын өз алаңында Польша құрамасына қарсы өткізеді. Ал жалпы футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы 14 маусымнан 15 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтпек.
Мұхтар Жәмішжанов, студент.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




