Ғалымдар жаңа күріш сұрпын алудың тың әдісіне көшті

Ғалымдар жаңа күріш сұрпын алудың тың әдісіне көшті
ашық дереккөз
Ғалымдар жаңа күріш сұрпын алудың тың әдісіне көшті

1438318192_5Тоқсан күн суда тұрып өсетін күрішті тақыр жерде де өсіріп, өндіруге болады. Ол үшін тіршілік көзін тамырына тамшылатып қана құйып отыру керек,-деп жазады 24.kz.  

Бұл отандық ғалымдардың кеше-бүгін ашқан жаңалығы емес. Топырағы тұз татыған Сыр өңірінде де дәл осы әдіспен ақ күрішті көктетуге болатыны дәлелденді. Бұл тәжірибе Қазақ күріш ғылыми-зерттеу интитутының сынақ алаңында жүргізілуде. Күріштің құрғақ жерде өсуіселекциялық зерттеулерге де айтарлықтай қолайлы болып тұр. Әдетте институттың ғылыми қызметкерлері шыжыған шілдеде тізеден су кешіп жүріп, будандастыру жолымен жоғары сұрып алу жолында тер төгетін. Енді бұл қиындықтар артта қалды. Айтулы жаңалық әйгілі «Ақмаржанның» авторы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы – Құрманбек Бәкірұлының бастамасымен жүзеге асты. Айта кетейік, өткен жылы Сыр ғалымдары күріштің өнімділігі жоғары 2 түрін өңірге жерсіндірген болатын. Құрманбек Бәкірұлы, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі: - Алдын ала аталығы мен аналығы қандай қасиеттері бізге қажет, соған қарай біз таңдап аламыз. Сөйтіп, біреуінің қандай жақсы қасиеті бар, екіншісіне соны дарыту үшін келесі будандық ұрпақтарда сол әр түрлі қасиеттері пайда болады. Соның ішіндегісін іріктеп алсақ, ол жаңа сорттарға бастау болады. Жанұзақ Байманов, «Қызылорда» білім тарату орталығының жетекшісі: - Институттың ғалымдары осы технологияны зерттеп, институт жанынан ашылған Қызылорда білім тарату орталығы үнемі семинар-тренингтер ұйымдастырып, фермерлерді осы алаңдарға әкеліп, көрсетіп, оқытып жағдай жасауда.

Ұқсас жаңалықтар