Спорт және туризм
Головкинді НВО адамдарынан басқа ешкім танымайды - Анхель Гарсия
- author «Ақ жол»
- 30 шілде, 2015
- 769
Головкинді НВО адамдарынан басқа ешкім танымайды - Анхель Гарсия
Бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы 27 жастағы ағылшын Дэнни Гарсияның әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық БАҚ-тан авансты орынсыз алып жүр деп есептейді, - деп жазады Vesti.kz порталы Аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап.
"Олардың GGG дегенді қайдан шығарғандарын білмеймін, - деді Гарсия. - Оны НВО адамдарынан басқа ешкім танымайды. Америка халқы оны білмейді. Олар оны кісі өлтірушіге ұқсатуға тырысып жүр. Ол жақсы, бірақ ешкіммен әлі жұдырықтасып көрген жоқ. Олар жоқ жерден жұлдыз жасағысы келеді. Ол әлі күнге қаныпезерлермен жұдырықтасқан жоқ. Котто оған алдымен бұрын менімен жұдырықтасқандармен кездес деуі керек. Солармен жұдырықтас, дайын болғанда маған қарсы шық деуі тиіс", - деді ол.
Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін IBF чемпионы, канадалық Давид Лемьемен өткізеді. Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Жекпе-жек HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Ал Қазақстанда кездесуді "Қазақстан" телеарнасы трансляциялайды. Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




