Бейбіт Шүменов WBA тұжырымының уақытша чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2015
- 592
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта уақытша чемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. Кездесу 12 раундқа созылды. Барлық судьялар жеңісті бірауыздан Бейбіт Шүменовке берді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Осыған дейін 31 жастағы қазақ боксшысының жарақат алғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты 20 маусымға белгіленген 36 жастағы ағылшын Би Джей Флореске қарсы жекпе-жек 25 шілдеге ауыстырылған еді. Айта кетейік, Шүменов кәсіби бокста 15 рет жеңіске қол жеткізді (10 КО) және екі рет жеңіліс тапты. Ал Флорестің қоржынында 31 жеңіс (20 КО), бір жеңіліс пен бір тең түсу бар.
Еске сала кетейік, ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде мамыр айындаалғашқы ондыққа енді. Бейбіт Шүменов өткен жылдың желтоқсанында ауыр салмақта алғаш рет сынға түскен болатын. Кездесуде ол америкалық Бобби Томас кішіні жеңді. IBF жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы алтыншы орында.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




