68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2015
- 507
68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелесте 21шілде мен 5 тамыз аралығында 15 спорт түрі бойынша өтетін Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады. Спорттық шара туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында "SpecialOlympics" бас директоры Ольга Бахарева айтып берді.
Оның айтуынша, атлеттер 15 алтын, 15 күміс және 15 қола медальді жеңіп алуды көздеп отыр.
«Қазақстан интернаттарынан, арнайы мектептер мен отбасыларынан шыққан 20 мыңнан аса бала жазғы және қысқы спорттың 24 түрі бойынша жыл сайынғы жаттығулар мен сайыстарға қатысып, жыл сайын облыстық және республикалық жарыстарға қатысып отырады. Қазақстанның құрама командалары Еуропаның Арнайы Олимпиада ойындарына, сондай-ақ, 1991 жылдан бастап екі жылда бір рет Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысып отырады», - деп атап өтті "SpecialOlympics" бас директоры Ольга Бахарева.
1991 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі 630 қазақстандық спортшы 12 Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысып, 198 алтын, 180 күміс пен 132 қола медальді жеңіп алды.
«Халықаралық алаңдардағы жарыстарға қатыса отырып, біздің ұйым, жаттықтырушылар мен спортшылар халықаралық қауымдастық ортасында Қазақстанды әлеуметтік даму деңгейі жоғары демократиялық ел ретінде танытып, отанымыздың беделін нығайтуға үлес қосып келеді», - деді Бахарева.
Оның айтуынша, Қазақстанда ақыл-ойының кемістігі бар 100-ден аса бала мен жастар өмір сүріп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




