Спортшы акуланың аузынан аман қалды
Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан J-Bay Open турнирінде серфингтен үш дүркін әлем чемпионы Майкл Фэннингке акула шапты, деп жазады USA today басылымы. Акула спортшы енді өз өнерін көрсетуді бастағалы тұрған кезінде оның арқа тұсынан келіп қаппақ болды. Алайда, Фэннинг одан қашып үлгерді.
«Мен енді қимылымды бастағалы тұрғанмын. Артымнан бірдеңенің келе жатқанын сезіп, қашып үлгердім. Оны теуіп, айқайлап шапшаң қимылдадым», - деді аман қалған спортшы.
Қайғылы оқиғамен аяқтала жаздаған жағдайға байланысты турнир кейінге шегерілді.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




