Шымкентте аспаннан “Алла” мағынасын білдіретін жазба байқалды
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 676
Шымкент тұрғыны ерекше құбылыстың куәсі болды. Ол аспаннан араб тілінде “Алла” мағынасын білдіретін сөзді суретке түсіріп алған деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.
“Мен жеке үйде тұрамын, жазда аулада таза ауда ұйықтағанда жақсы көремін. Бүгін әдеттегідей таңертең ерте шамамен сағат 6:00-ге таман ояндым. Аспанаға қарадым, алғашында ерекше ештеңе байқаған жоқпын, ал анықтап қарағанда таныс араб сөзін көрдім. Маған бұл өте қызық болып көрінді, содан кейін суретке түсіріп алдым. 10 минут өткеннен кейін, бұлт таралып кетті”, – дейді фото авторы Серік есімді азамат.
Today.kz аталмыш суретке қатысты түсініктеме беру үшін облыстың бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровке хабарласқан.
“Шымкент тұрғынының аспандағы құбылысты суретке түсіріп алғаны мені өте қатты таңғалдырды. Суреттегі бұлт арасындағы сөз шын мәнінде араб тіліндегі “Алла” сөзіне ұқсас. Мен бұны табиғат құбылысы және Алланың Рамазан айында берген сыйы деп түсінем. Алла өзінің бар екенін адамдарға тағы да білдірмек болды. Қасиетті айда мұндай тосын жайттар бірінші рет кездесіп тұр деді”, – ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




