Қазақ күресінің қадамын қарыштатқан «Қазақстан барысы» мегажобасы жамбылдық жамағатты шексіз қуанышқа бөлегені анық. Елбасы жүлдесі үшін бесінші мәрте өткізілген додада тұңғыш рет екі дүркін жеңімпаз атанған «Тараз арланы» Бейбіт Ыстыбаевты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, батырға құрмет көрсетті. «Бейбіт, еліміздің ұлттық спорты саналатын қазақ күресінен өткен ірі додада жеткен жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының қолынан алтын тайтұяқты алу екінің-бірінің маңдайына жазыла бермейді. Сен тек қана жеңіске жетіп қойған жоқсың. Жерлестеріңді, қазақ күресінің жанкүйерлерін шаттыққа бөледің. Қазақ күресі қазір елімізде кеңінен танымал болса, алдағы кезде әлемге танылып, олимпиада ойындарының санатына қосылады деп сенеміз. Құдай қаласа, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында дәстүрлі «Еуразия барысы» мегажобасын кезекті мәрте өткізгелі отырмыз. Сол сында да, басқа додаларда да жеңістің туын биіктен желбірете беруіңе тілектеспін. Біз өзіңмен мақтанамыз» деп, игі тілегін білдірген Кәрім Нәсбекұлы қазақ күресінің арысына темір тұлпардың кілтін тапсырып, бапкері Елдос Далабайға қаржылай сыйақы табыстады. Марапаттау соңында Бейбіт Ыстыбаев журналистермен тілдесіп, өзінің жеңісті жорығын алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




