«Црвена звезданы» жеңген «Қайрат» командасы енді «Алашкарттың» аптығын баспақ Футболдан Еуропа лигасының алғашқы кезеңінде бақ сынаған қазақстандық ұжымдар арасынан «Қайрат» қана жорығын жалғастырады. Еуродода басталмай тұрып, мамандар «Қайратқа» қарағанда «Ордабасы» мен «Ақтөбенің» мүмкіндігі мол деген еді. 1991 жылғы чемпиондар лигасының жеңімпазы, Сербияның даңқты командасы «Црвена звезданы» екі ойында да жерге қаратқан «Қайрат» командасының ойыншылары мамандардың сөзін жоққа шығарды. Қайта бюджеті «Ақтөбеден» анағұрлым аз эстониялық «Нымме Калью» командасы қос ойынның қорытындысы бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпиондарын айналып өтті. «Ақтөбе» алғашқы ойында өз алаңында қарсыластарына 0:1 есебімен жол берсе, қарымта кездесуде 0:0 есебімен тең түсті. Екі кездесуде «Ақтөбе» командасының футболшылары 66 соққы бағыттап, гол сала алмады. Шымкентте Израйльдің «Бейтарымен» тең ойнаған (0:0) «Ордабасы» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіліс тапты. Ал алғашқы ойында Белградта 0:2 есебімен «Црвена звезданы» жеңген халықтық команда «Қайрат» қарымта кездесуде қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсіп, екінші кезең жолдамасын қалтаға салды. Бұл ойында футбол әлемінде Батори атымен танымал болған Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бауыржан («Батори») Исламхан мергендігімен танылғанын да айта кетейік. Келесі қарсылас – армениялық «Алашкарт» командасы. Мамандар бұл текетірестің фавориті ретінде «Қайратқа» басымдық беріп отыр. Не болса да уақытында көрерміз...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді