Головкин: Қазір Уордпен кездесуім - бокс үшін номері бірінші жекпе-жек
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2015
- 576
WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин UCN интернет-арнасының "10 Count" бағдарламасына қонақ болды. Бұл сұхбатында 33 жастағы қазақстандық өзінің америкалық Андре Уордпен кездесуі бокс үшін номері бірінші жекпе-жек болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайдыАllboxing.ru.
"Бұл керемет кездесу. Меніңше, бір жыл бұрын бұл жекпе-жек Мэнни мен Флойдтың кездесуінен бір саты төмен бағаланар еді, алайда қазір бұл кездесу бокс үшін номері бірінші жекпе-жек. Бизнес немесе ақша жүзінде емес, бокс үшін. Маған олд-скул ұнайды, кімнің мықты екенін анықтау. Менің оның жағдайы түсінемін. Оның қызығушылығы ашылуы үшін уақыт керек, ол көп уақыт бойы жұдырықтаспады. Мен болсам ертең де онымен кездесуге дайынмын", - деді чемпион.
Сонымен қатар, Головкин Уордпен кездесу үшін салмақ дәрежесіндегі тиімді талапты айтты. Оның пікірінше, егер Уорд 168 фунтта, өзі 160 фунтта, осының дәл ортасындағы салмақта кездесу екі жаққа да тиімді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




