«Ақ жол» газетінің спортшылары үздік үштіктен көрінді
Жылдағы дәстүр бойынша БАҚ қызметкерлері арасындағы спартакиада тартысқа толы өтті. Спорттың бес түрін қамтыған аталмыш додада шахматтан «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы Әділбек Баққараұлы екінші орыннан көрінсе, үстел теннисінен кадр инспекторы Алуа Жақсымбет үшінші орынға табан тіреді. Одан бөлек ерлер арасындағы үстел теннисінде де ақжолдық әріптесіміз олжа салды. Т. Рысқұлов, Меркі аудандарындағы меншікті тілшіміз Нұрболат Әлдибек жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. «Ақжолдықтар» өзге спорт түрлерінен де жақсы ойын үлгісін көрсете білді. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан көрінді. Жылда өтетін спартакиадаға кейбір ұжымдар кәсіби спортшы қатыстырып жүр. Журналистердің мерекесінде өз әріптестеріміз ойнаса, бәсекеге түссе, одан артық не керек дейсің осындайда...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




