тоғызқұмалақтан турнир басталды
Ұлттық ойын тоғызқұмалақтан жиырма жылдың бедерінде өңір басылымдарының қара шаңырағына айналған «Ақ жол» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі турнир өткізіліп келеді. Жиырмасыншы мәрте жалауы желбіреген кезекті дода қаламыздағы №53 орта мектепте басталды. Еліміздің бірқатар облыстары мен көршілес қырғыз елінен спортшылар қатысып жатқан турнир тоғыз турдан тұрады. Жарысқа жалпы 153 спортшы қатысып, жас айырмашылықтарына орай (он жасқа дейін, он төрт жасқа дейін және он төрт жастан жоғарылар) топтарға бөлініп, жүлделі орындарды сарапқа салуда. Доданың салтанатты ашылу рәсімінде «Ақ жол» газеті бас редакторының орынбасары Фариза Әбдікерімова сөз алып, алыстан ат терлетіп келген бапкерлер мен спортшыларға сәттілік тіледі. Осы турнир алғаш ұйымдастырылғанда шараның қасынан табыла білген, бүгінде Алматы шаһарында қызмет атқарып жүрген жаттықтырушы Мейрам Ноғайбаев: «Алғаш «Ақ жол» газетінің турниріне 14 адам қатысып еді. Бүгін 153 спортшы бақ сынамақ. Мұның өзі тоғызқұмалақ спортының елімізде дамып жатқанын көрсетсе керек. Қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін. Жамбыл жері әрдайым жүрегімде ғой. Жамбылдықтарға да жеңістің биік тұғырынан көрінулеріне тілектеспін. «Ақ жол» газетіне алғысым шексіз» деп өз пікірімен бөлісті. Дода бірінші шілде күні мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




