
Қараой ауылының ақсақалы Әтірбек қажының айтқандарын «Тылсым дүниеге» беруді жөн көрдім. «Нағашым керемет аңшы еді», – деп бастады әңгімесін ақсақал. «Мына Асаның суы бір замандарда жағасы қаз, үйректен жыртылып айрылады екен. Бірде аңға шыққан нағашымның алдынан пыр етіп сарыала қаз ұшып шығыпты. Атуға қимай, ұясын іздеп барып, қалың шөптің арасынан қыңсылаған күшікті көреді. Сонда есіне «Сарыала қаз тазы туады» деген елдің сөзі түсіп, оны ауылға алып кетеді. Оны көрген әкесі: «Балам, мұны бекер әкелдің. Сарыала қаз құмай тазыны жүз жылда бір рет қана туады, сонда елдің берекесі кіреді деуші еді бабаларымыз», – дейді өкіне. Қызылшақа құмай тазыны әркім бір қызықтап ұстай берген соң ақыры өліп қалыпты. «Негізі оны өз аяғымен жүргенше кісі көзіне түсірмей өсірсе, ол ұшқан құс пен жүгірген аңға жеткізбейтін көрінеді», – деп аяқтады әңгімесін ақсақал.
Cәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық жастар фестиваліне өтінім қабылдау басталды
- 22 сәуір, 2025
Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш екті
- 21 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді