Адамның жанары ерекше күшті энергияға ие екенін білесіз бе? Оны тек сол энергияны пайдалана алатын адамдар ғана қолданады. Бірде мынадай оқиға болған екен. Жиын кезінде басшы қарамағындағы қызметкердің біріне қатты ұрсып, ескерту жасапты. Үндемеген қызметкер тек бастығына «жеп қоярдай» өте жаман көзқараспен қарайды. Бірнеше минуттан кейін жиналып отырғандар бастықтың басы үстеліне соғылып, ауыр деммен құлап бара жатқандығын көреді. Жылдам жеткен жедел жәрдем оның өлгендігін растады. Мәйітті ашып көрген патологанатом сап-сау жүректің өзінен-өзі тоқтап қалғандығын түк те түсіне алмады. Іс тығырыққа тірелді. Ал ғалымдар мен мамандар «Өлтіріп жіберетін көзқарас. Ғылымда мұны дәлелдеу мүмкін емес» десті. Бірақ, тарихта мұндай оқиғалар жетерлік. Канада тұрғыны Стив Мак Келланның аңшылыққа барғандағы оқиғасы да осыған ұқсас. Онда өзіне қапыда тап берген аюды көріп, жерде жатқан күйі пышағын кезеніп, жыртқышты жұтып жіберердей жаман көзбен қарайды. Аю сол мезетте орнында қатқан күйі тұрып қалады, Стив те ашынған күйі көзін тайдырмайды. Осындай арбалыстан соң, аю жерге бұрқ етіп құлап түседі. Бұл жайтты зерттеген мамандар аюдың өліміне адамның көзінен шыққан биоэнергетикалық импульстің жануардың миындағы жүйке талшықтарын ыдыратып жіберуі әсер еткен деген қорытындыға келеді. Стивтың басынан кешкен оқиғасы жергілікті газетке жарияланған. Оқымыстылар мұнда тұрған ешқандай құбылыс жоқ деп сендіріп бағады. Сан ғасырлардан бері адамның өзіне біреу қауіп төндіргенде көзқарасының күш-қуаты артатындығы анықталған дейді. Сондықтан да өлім жазасына кесілген адамдардың көзін байлап, басын тұмшалайтын болған.
Шынар Әлібекқызы, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді