Жасөспірімдер жарады

Жасөспірімдер жарады
ашық дереккөз
Жасөспірімдер жарады

Олар Азия біріншілігінен бір алтын, бір күміс, бір қола медальмен оралды Жасөспірімдер арасында Ташкентте жалауы желбіреген Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасы бес алтын, бір күміс, бес қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Сары құрлықтың басты додасына аттанған жасөспірімдер санатында жамбылдық боксшылар да болды. Ташкент шаршы рингінде атой салған жерлестеріміз ел намысын қолдан бермей, үш бірдей жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, қарсыластарына дес бермеген 66 келідегі Тұрсынәлі Алдияр барлық кездесуде мерейі үстем болып, алтыннан алқа тағынса, финалға дейін сүрінбей жеткен Хуршед Искандеров күміс жүлдемен күптелді. Сонымен қатар, 70 келі салмақта өнер көрсеткен жамбылдық жампоз Дәулет Заушев қола жүлдені қанағат тұтты. Жас былғары қолғап шеберлерінің алар асулары әлі алда. Олар бұған дейін де өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүрген болатын.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар