Юрий СОЛОЗОБОВ, Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық бағдарламалар бойынша директоры (Ресей).
100 нақты қадам, бес президенттік реформа – бұл бүкіл мемлекеттік аппарат, бүкіл қоғам, әрбір азамат үшін жұмыс майданы. Мұндай қадамның өміршеңдігі Қазақстанды жаңғырту табыстылығының бөлінбейтін факторы болып табылады. Қуатты мемлекеттің басты бір ерекшелігі, оның өз дамуының әрбір кезекті кезеңіне әрдайым айқын мақсат және нақты бағдарламамен көшетіндігінде жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда нығайып және қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның жолы болуда. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті идеялары, терең ойластырылған тұжырымдамалары мен бағдарламалары ыңғайында дамып келеді. Көшбасшының президенттік сайлаудағы бұлтартпайтын жарқын жеңісін біртектес қазақстандық ұлттың әлемдегі ең дамыған отыздыққа кіруге жасаған мәлімдемесі деп те есептеуге болады. 100 миллионнан артық біреу. Бұл теңсіздік дұрыс, өйткені, бір адамның интеллектуалдық және идеялық ұлылығы миллиондардың өзін көмескілендіре алады. Қазақстандық көшбасшының ойлау ауқымы уақыт пен оқиғалар жүрісін артқа тастап, даму үшін мүмкіндіктер кеңістігін кеңейте түсуде. Бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында барлық әріптестер Қазақстанмен 100 миллион адамы бар ұлттай диалог жүргізуде. Назарбаевтың көшбасшылығы дәл бір линза секілді әлеуметтік топтардың қуатын жалпыға ортақ жасампаздық жолында жинақтауға мүмкіндік беруде. Қазақстан Президенті ұлттың күшін Ұлт жоспары – «100 қадам» секілді стратегиялық бағдарламаларға барынша тиімді пайдалануда. Мұндағы ең маңыздысы: қазақстандықтар нақты көріністегі Болашақ бейнесі мен дамудың жалпы мақсаттарына біріктірілген. Бұл әлеуметтік іргетас өте берік. Мұндай топтасу ұзақ мерзімдік. Бұдан да асырып айтсақ, стратегиялық ойлаудың тапшылық кезеңінде Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын алға тартты, осының аясында бес халықтық реформа жүзеге асырылатын болады. Бұл – дамудың барлық маңызды қырларын қамтитын шаралар кешені. «100 қадам» авторы Қазақстан көшбасшысы болып табылатын әлемдік тәжірибедегі инклюзивті жаңғыртудың сәтті мысалы. Қазақстан басшысы өз елін жаңа биіктерге жүйелі түрде бастап келеді. Бұл ұмтылыс ең жоғары бағаға әбден лайық. Ұлт жоспарын асыру арқылы Қазақстан ұзақ мерзімдік дамудың әмбебап қағидаттарын қалыптастыратын және бекітетін болады. Ал олар елдің ХХІ ғасырдағы жаңғыру үдерістерінің сипатын айқындайды. Олар бес реформаның нәтижелері ретінде ғана әрекет етіп қоймай, сонымен қатар, бүкіл мемлекеттік жүйенің институттық негіздерін бекітуде іргетастық маңызға ие болатын болады. Бірінші – кең ауқымды түсіністікті бойына жинақтаған ашықтық. Қазақстанның бүкіл әлем үшін сауда және инвестициялық саясаттағы инновацияларды енгізудегі ашықтығы. Бұл қағидаттың мәні көлік инфрақұрылымдарының және транзиттік ағымдардың қазіргі замандық кешенін құруға деген ұмтылыс арқылы барынша ашыла түседі және жаңа өндірістік қуаттар мен ұлттық экономиканы әртараптандыруға қоғамды жұмылдырады. Қазақстан ашықтығы оның интеграциялық күш-жігерімен және халықаралық сауда жүйесіне жан-жақты кірігуімен дәлелденеді. Бұл Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге, Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысқа да қатысты. Әлемдік экономикаға интеграциялану – бұл аса ауқымды табысқа жетудегі маңызды баспалдақ. Әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті – бұл аса ірі халықаралық экономикалық бірлестіктің белсенді субъектілері екендігі бәрімізге белгілі. Олар әлемдік ІЖӨ-нің үлкен бөлігін қалыптастырады. Сонымен қатар, Ұлт жоспары контексінде қарастырғанда жоғарыдағы қағидат «ашық үкіметті» енгізу арқылы ашыла түседі. Мұндай жағдайда үкімет жұмысы мейлінше мөлдір, ал мемлекеттік қызметтер әр азамат үшін барынша қолжетімді болмақ. Екінші – бәсекеге қабілеттілік. Ол өңдеуші секторды дамытуға және жоғары технологиялық өнімдер экспортын арттыруға бағытталатын ғылымды қажет етуші экономиканы құруды білдіреді. Сонымен бірге, қазақстандық компаниялар арасындағы бәсекелестікті ынталандыру маңызды бағыт болып табылады. Өйткені, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін өз чемпиондарын күшейту ғана Қазақстанға «легионерлермен» тең дәрежеде жарысқа түсу мүмкіндігін береді. Оның үстіне барлық бес реформа бәсекеге қабілеттілік қағидаты бойынша іске асырылатындығын атап өтуіміз қажет. Үшінші – сенімділік және әріптестік. Жаңғырту болашағы Қазақстан экономикасына стратегиялық инвесторларды белсенді тартуға байланысты болатындығы туралы нақты түсінік бар. Міне, нақ осыдан да сот жүйесін реформалауда бизнес қауымдастықтың құқығын қорғау мен сақтауға айтарлықтай назар аударылған. Ұлт жоспарында инвестициялық сот және халықаралық арбитраждық орталық құруға екпін берілген. Бұл ірі инвесторлар тарапынан сенімділікті күшейтетін болады. Төртінші – тиімділік. Экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың ортақ нәтижелілігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасына да көбірек байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бірінші реформа ретінде белгіленген. Бұл дегеніңіз мемлекеттік қызметтегі біліктілік талаптарын күшейту және жаңа ынталануға себептілікті арттыру мен жұмыс істеу жағдайын жақсарту деген сөз. Ең бастысы – бұл ең талантты және ең қабілетті кадрларды іздеу мен таңдауға бағыт ұстау болып табылады. Енді «Назарбаевтың жаһандық құрамасында» меритократияның неғұрлым қатаң рухы басты рөл ойнайтын болады. Бұл өте маңызды мәселе. Оған ұлтына қарамастан тек үздік ойлайтын ақылдылар ғана кіре алады. Мұндай әдіс пен іске деген көзқарас Н.Назарбаевтың саяси философиясымен тиімді жұмыс істей алатын және әлемнің кез келген елінде қолдану үшін оңтайлы етеді. Бесінші – азаматтық біртектілікті нығайтатын және Бір Болашақ Ұлтын құруды қамтамасыз ететін тұрақтылық. Мұнда кең көлемді орта тап ядро құрайтын болады. Бұл жағдай – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы іспетті. Ұлт жоспарын жүзеге асырудың табыстылығы да осынау маңызды бағытқа байланысты болады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бұл ретте тәуелсіздіктің барлық жетістіктерін бекіте түсетін және қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын нығайтатын платформа ретінде әрекет етеді. «Мәңгілік Ел» – бірлік пен келісім жағдайында өмір сүруші гүлденген қоғамның «сапа стандартының белгісі». Бұл бүкіл әлем ұмтылуға тиіс стандарт болып табылады. XXI ғасырда дүние жүзінің ешбір елінде барлық азаматтар үшін жайлы болып табылатын жалпыұлттық идеялар формуласы ойластырылмаған. Мұндай формула тек Қазақстанда ғана бар. «Мәңгілік Ел» – қалыптасқан Бір Болашақ Ұлты. «Мәңгілік Ел» – Нұрсұлтан Назарбаевтың аса көрнекті дүниетанушылық және саясаттанушылық жаңалығы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы ұлтаралық және дінаралық тартылыстың мәңгілік заңы секілді жұмыс істейтін болады. Ол барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың интелектуалдық мұрасындағы жарқыраған тәж. Алтыншы – есеп берушілік. Демократияландыру жолында әмбебап схема жоқ екендігін бәріміз білеміз. Қазақстанда бұл жағынан да дамудың нақты жағдайларына және қоғамның құндылықтар тамырына негізделген өзіндік ерекше жолы ойластырылған. Мына бір маңызды сәтті атап көрсету қажет. Ұлт жоспары мемлекеттік басқаруды жетілдіру және азаматтық қоғамды дамыту қырларын нақтыландыра түскен. Олардың басына есеп берушілік қағидаты қойылған. Бұл қоғамдық бақылау рөлінің түбегейлі мәнге ие болып, күшейе түсетіндігін білдіреді. Енді Үкімет пен жергілікті атқару органдарының белсенді азаматтық қоғам алдындағы жауапкершілігі осы арқылы бекітіледі. Өз кезегінде бұл даму бағдарламасының тиімділігін арттырады. Өйткені, мониторинг пен бағалаудың қағидатты жаңа тетіктері құрылады. Жетінші – инклюзивтілік, яғни халықтың неғұрлым кең ауқымын даму бағдарламасына тартушылық. Бұл қағидат «Ұлт жоспарының» өз атауында бекітілген. Сөйтіп, Ұлт жоспарын шынайы өмірге ұластыру Қазақстанға дамушы елдер арасында чемпиондықты жеңіп алу мүмкіндігін береді, дамыған елдердің жоғары стандарттарына жетуді қамтамасыз етеді. Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) клубына енуге дайын тұруының символдық мәні болып табылады. Мен бұл нақты және тереңнен ойластырылып жасалынған 100 шара әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылыс танытып отырған Қазақстанның көрсеткіштерін көтеріп қана қоймай, оның әрбір азаматының өмір деңгейін сапалық тұрғыда арттыратындығына сенімдімін.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді