Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Котто өзінің чемпиондық атағын алғаш рет абыроймен қорғады. Серхио Мартинеске тиесілі жасыл белдікті жеңіп алған соң бір жыл бокс әлемінен ғайып болған Пуэрто-Рико боксшысы австралиялық Дэниель Гилді төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Дәл осы Гилді Геннадий Головкин жыл бұрын үшінші раундта есінен тандырған болатын. Қазақ боксшысы WBА супер чемпионы Коттоның белдігіне басты үміткер ретінде оны кездесуге шақырып жүр. Осы кездесуден кейін де HBO арнасының сарапшысы Марселло Келлерман Мигель Коттоға: «Головкинмен кездесуге қалай қарайсың?» – деген сауал жолдап еді, алдымен абдырап қалған Котто есін жинап барып: «Мен алдымен Сауль Канело Альвареспен шыққым келеді. Головкинмен одан кейін кездесемін», – деп үн қатты. Естеріңізге сала кетейік, бүкіләлемдік бокс қауымдастығы тұжырымы бойынша Геннадий Головкин уақытша чемпион саналады. Ол – Мигель Коттоның белдігіне басты үміткер.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




