Он бесінші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады
Кәсіпқой рингке бар болғаны он сегіз жасында келген шымкенттік жас пері Роман Жайлауов жиырма бір жасында он бесінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Оңтүстік Африка елінің астанасы Йоханнесбургте өткен кездесуінде жергілікті былғары қолғап шебері Луянда Джаконы бірінші раундтың аяқталуына жарты минут қалғанда нокаутқа жіберді. Ә дегеннен андыздап шабуыл жасамай, қарсыласының ашылу сәтін күткен Роман раунд соңына қарай қарсыласына тікелей соққыларын дарыта бастады. Джако ашылған кезде оң қолы алмас қылыштай жарқ етті. Қапталдан бағытталған соққы Джаконы есінен тандырды. Африкалық боксшы үшін орнынан тұрудан бұрын есін жинаудың өзі мұңға айналды. Осылайша, Роман Жайлауов өзінің кезекті рейтингілік кездесуінде жеңіс тойын тойлады. Бұл – Романның тоғызыншы нокауты. Американдық кейбір мамандар Жайлауов уақыты келгенде мұхит асса, кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызы болады дегенді айтады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




