«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда

Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда
ашық дереккөз
Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда

«100 қадам» – қазақстандық сәт­ті сапардың жаңа шақы­рым­дары. Ұлт жоспарының қабыл­да­нуымен Қазақстанның алдынан да­мудың кезекті жауапты кезеңі, жа­ңа биік­тіктерді алу үрдісі ашылды. Бір белестен екінші белестерді ала отырып, дамудың нақты бағ­дарлары және айқын да салмақты стратегиясы бар бұл жас мемлекет барған сайын күшейе түсуде. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің құрамына кіру жөніндегі алға қойған мақсаты қандай да болсын терең құрметке лайық. Сонымен бірге, мұндай ұмтылысты жа­қын­нан пайда болатын «Асқаралы асулар» қиындата түседі. Бүгінде бұл тұрақсыз әлемдік экономика және жаһандық дамудың барған сайын артып отырған болжамсыз факторлары. Алайда, қандай жағдай таң-тамаша қал­дырады? Қазақстан Көшбасшысының әрқа­шан өз рецепті, өзінің батыл стратегиялық шешімдері бар. Ол әлемдік жүйедегі қиындықтарды және тәуекелдерді өзінің пайда­сына шешеді. Оларды дамудың жаңа идеялары, жаңа жобаларды іздеу және одан әрі тұрақты да­му үшін қуатты уәждегіш ретінде пайдаланады. Ағымдағы тарихи жағдайда Ұлт жоспарын өмірге әкелуді осымен түсіндіруге болады. Бес реформаны жүзеге асыру шеңберіндегі қам­тылған мәселелердің ауқымдылығы да ескеруге тұрарлық. Бұл жан-жақты даму Қазақстанды өмірдің жоғары стандарттарына жақындатады. Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғырту Стра­тегиясы әлемде ерекше қызығушылық туғызуда. «100 қадам» – жаңғыртудың жан-жақты инклюзивтік жолы. Бұл – мемлекеттік құрылыстағы жаңа сөз. Еуропалық Одақ үшін сіздердің елдеріңіз Орталық-азиялық аймақтағы негізгі серіктес болып табылады. ЕО-ға мүше мемлекеттің саясаттанушысы ретінде мен Қазақстанды дамытудың тұжы­рымдамалық бағдарламалары: Стратегия – 2050, «Нұрлы Жол», «Ұлт жоспарын» жан-жақ­ты зерттеп келемін. Осы орайда ең қызығы – қазақстандық жаңғыру секірісі ерекше формуламен, мен айтар едім, дамудың үш негізгі парадигмалық базасында жатқан «инклюзивті тұрақтылықпен» ерекшеленеді. Бірінші парадигма – экономикалық және әлеуметтік өркендеу арқылы жеткен тұ­рақ­тылық. Қоғамның ішкі келісімі мен көңіл-күйін нақ осы тұрақты экономикалық реформалардағы жетістіктер, серпінді даму және әлеуметтік өркендеу айқындайды. Ұлт және Көшбасшы бір арнаға – өркендеу және тұрақты эволюциялық даму арнасына жұмылғандығы өте маңызды. Бұл аса бағалы жетістік. Ол ол ма, индустрияландырудың, өнер­кә­сіп­ті, инфрақұрылымды жедел дамытудың әлеу­меттік сипатта болуына басымдық беруде толық түсінік бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеу­меттік-экономикалық моделінің барлық мәні де осында. Бүгінде бұл бағытта айқын біріз­ділік байқалуда. Экономиканы әртараптандыруға бағыт­талған Ұлт жоспары қазақстандық қоғам­ның алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндет­тердің бірі ретінде әлеуетті орта тапты қалып­тас­тыруды жариялайды. Қазақстан Тәуелсіздігінің барлық жылдар­ында осы жолмен үздіксіз жүріп келеді. Жас мемлекет үшін цифрлар және өсім өте таң­дан­дырады. Осы жылдар ішінде қазақстан­дықтардың табысы 16 еседен артық өсті, жұмыссыздық екі есе қысқарды, кедейшілік деңгейі 9 есе төмендеді. Әлеуметтік жағынан қорғалған және жақсы тұрмыс жағдайында өмір сүретін адамдар бүгінде біз тек жаңа тәуелсіз мемлекеттер ғана емес, сонымен бірге, бұрынғы демократиялық мемлекеттер мысалынан да көріп отырған, тұрақсыздыққа бастайтын көріністердің бәріне қарсы шығады. Олар үшін тұрақтылықтың қасиетті де киелі маңызы бар. Осы жерде Австрияның тәжірибесін еске сала кеткім келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біздің елімізде демократиялық құрылыстың тірегі ретінде орта тапты дамыту және көбейту үшін шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде, Австрияда салыстырмалы түрде өте бай адамдар да, өте кедей адамдар да аз, оның есесіне саяси және әлеуметтік толғаныстар кезінде жоғалтатыны бар орта таптың саны көп. Бүгінде Австрия жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің арқасында Еу­ропа және әлем елдерінің ішіндегі өте тұрақты елдердің бірінен саналады. Екінші парадигма – Ұлт бір­лі­гін нығайту арқасында жеткен тұрақтылық. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ­стан­дағы полиэтникалық және поли­кон­феционалдық жағ­дайды сарапшылар қауымдастығы үздіксіз болатын жанжалдардың көзі және тәуекелі деп бағалады. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев феноменді түрде көптеген этностар және конфессиялар келісім мен бірлік рухы белең алған ортаның толық құқылы субъектілері болып саналатын бірегей модель жасай алды. Өзара сыйластық және толеранттық қаты­настар қазақстандықтарға жаһандық эконо­микалық дауылдарды және қаржылық құйын­дарды жеңуге көмектесті. Қазақстанды бүгін­гідей табысты елге айналдырды. Бірлік және тұ­рақтылық жасампаздықтың берік негізін қалады. Алайда, бұл тұрақты түрде «күтуді, жылуды және қамқорлықты» қажет ететін «киелі гүл». Міне сондықтан да, бес реформаның ішінде Болашағы Біртұтас Ұлтты қалыптастыру жүйе жасау бағыты болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, саясаттанушы ретінде азаматтық біртектілікті нығайту жолында «Мәңгілік Ел» идеясы әмбебап екендігін атап көрсеткім келеді. Үшінші парадигма – тұрақтылық сыртқы серіктестердің сенім факторы. Қазақстанның экономикалық жетістіктері үлкен шетелдік инвестициялар тасқынымен қатар дамығандығы баршаға белгілі. Тәуелсіздік жылдары ішінде ол 200 миллиард доллардан асты. Бұл ғажайып жетістік! Осы ретте инвесторларды әрқашан ішкі саяси тұрақтылық қызықтырды және қызық­ты­рады. Халықаралық бизнестің ең белгілі және ірі өкілдері Қазақстанда өздерін жайлы сезінеді. Олар өздерінің салған қаржысы үшін ешбір тәуекел жоқтығын түсінеді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы нақты 100 қадамы» Ұлт жоспары халықаралық инвесторлар мен серіктестердің Қазақстанға деген сенімін одан әрі нығайтатындығына сенімдімін. Іс жүзінде оларға Қазақстандағы серіктестік әлеуеті кеңейтілетіндігі, ал жағдай жақсаратындығы жөнінде белгі берілді. Дубай моделі сипатындағы Астана қар­жы­лық орталығын құру туралы Президент Жар­лығы – инвесторлар үшін үздік жаңалық және шын мәніндегі сенсация. Инвесторлардың құқығын қорғауды күшей­ту бөлігінде маңызды қадамдар белгіленген. Сот жүйесін жаңғырту шеңберінде инвестициялық сот төрелігі институтын және халықаралық ар­­би­­траж орталығын енгізу жоспарланғаны белгілі. Қазақстандағы болашағы үлкен инвес­тициялық бағыттардың бірі туристік сала болып табылатындығы сөзсіз. Қазақстан Президенті экономиканы дамы­тудың қуатты драйвері ретінде туристік клас­терді қалыптастырудың маңызын өте айқын түсінеді. Әлемдегі ең дамыған отыз мемлекет дегеніміз – бұл әлемдік туризмнің туұстары. Осы бағытта қазақстандық-австриялық ынтымақтастық дами алады деп ойлаймын. Авс­трия жазғы, сондай-ақ, қысқы туризм саласында бай тәжірибе жинақтаған. Әсіресе, осы сала үшін мамандар даярлау мақсатында Қазақ­станмен бай тәжірибесін бөлісетіндігі сөзсіз. Астанада «Болашақтың энергиясы» – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көр­месін өткізуге байланысты елеулі инвес­тициялық серпіліс болатындығын күтуге болады. Ол бүкіл Қазақстанның экономикалық жә­не инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша сер­пін береді. Сол сияқты бұл қазақстандық туристік сала алдынан үлкен мүмкіндіктер ашады. Мен екі жылдан кейін осы шараға қатысатындығымды жасырмаймын. Қазақстанның перспективаларына баға бере келіп, ең алдымен аса көрнекті стратег-реформатор ретінде Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген жаңғыртудың жоғары деңгейі туралы айту керек. Сонымен бірге, қазірдің өзінде белгіленген даму артықшылықтары Қазақстанның әлемнің дамыған отыз мемлекетінің құрамына кіру жөніндегі ниетінің ақиқаттығын айқындайды. Белгіленген бес реформа Қазақстанның ең дамыған қоғамдардың элиталық сапында болатындығының айқын бағдарларына толық жауап береді. Қазақстанның жеңімпаз күндерінің әлі де көптеген жоғары баға және таңданыс туғызатындығына күмәнім жоқ.

Мартинг МАЛЕК, Австрия ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар