Қаратаулық дойбышының қарымы
Жауһар Дәуренбекова Азия біріншілігінен қола медальмен оралды
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 64 және 100 шаршылы дойбыдан Азия біріншілігі өтті. Дуы басым додаға сары құрлықтың жиырма елінен 250 спортшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Ардагерлер арасындағы сында қаратаулық дойбышы Жауһар Дәуренбекова үздіктер қатарынан көріне біліп, қола жүлдені қанжығасына байлады. Ол бұған дейін де талай биіктерді бағындырып, өзінің мықты екендігін таныта білген әрі ойыншы, әрі ұстаз екенін айта кетудің еш сөкеттігі жоқ. Жауһардан бөлек жамбылдық Берік Айбике өз қатарластарының ішінде үздік бестікке енді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




