жамбылдық бойжеткендер әлем чемпионатынан бір күміс, бір қола медаль иеленді
Қытайдың Тайпей қаласында бокстан жастар және жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сынға 46 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері қатысып, оның ішінде 190 боксшы жастар, 155 боксшы жасөспірім қыздар санатында бақ сынасты. Қазақстан Республикасы құрама командасының спортшылары барлық салмақ дәрежелер бойынша сынға түсті. Жамбыл облысының атынан 5 спортшы аруымыз Қытай асып, байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Біріншілік қорытындысы бойынша 1 күміс және 1 қола медаль біздің жас аруларымызға бұйырды. Ақтық сынға дейінгі қарсыластарын айқын жеңген Лейла Құсайынова финалда аз ғана ұпай айырмасымен есе жіберіп алып, 63 келі салмақта күміс медальға қол жеткізсе, 70 келі салмақтағы Елена Шеруинова жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді. Жамбылдық айбарлы арулар алдағы үлкен байрақты бәсекелерде бұрымды әпкелері салып кеткен жолды жалғастырып, бұдан да биік белестерді бағындыруды көздейді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




