Бес халықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 толық салмақты қадам» – ол жан-жақты даму магистралі бойынша тұрақты қозғала отырып өтетін Қазақстанның нақты маршрутының арақашықтығы. «100 қадам» әлемнің ең өркендеген және дамыған отыздығына ену үшін қуатты тұғыр қалыптастырады. Бүкіл әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың Көшбасшылығымен айқын бағытпен жүріп бара жатқан қуатты және сенімді мемлекет ретінде көріп дағдыланды. Таяудағы жылдарда әлемдік жүйенің «қарайып қоюлана түскен аспанында» қазақстандық жолдың «жол көрсетуші шамшырағы» дәл осы Ұлт жоспары болмақ. Ағымдағы тарихи сатыда Қазақстан үшін бұл бағдарлама айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие. Біріншіден, Ұлт жоспары Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғырту үдерісінің үздіксіздігі мен бөлінбестігін, мемлекет пен қоғам дамуының шынайы сабақтастығын айқындайтын басқарушылық стилін, континуумын барынша үздік түрде бейнелейді. Қазақстан Көшбасшысы мемлекеттің иммундық жүйесін тұрақты түрде нығайтып отыру керектігін айқын түсінеді. Осы тұрғыда «100 қадам» – «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында қаланған шешуші басымдықтарды жүзеге асырудың нақты жол нұсқаушы картасы. Бұл жағдайда дәл осы «Мәңгілік Ел» дамудың берік негізі және өзекті катализаторы міндетін атқарады. Қоғам бірлігінің осынау қазақстандық моделі әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі бола алады. Екіншіден, маңызды ішкі мемлекеттік міндеттердің кең ауқымды блогын бейнелеуге деген көшбасшылық шынайы көзқарас пен мазмұндық бөлігінің терең ойластырылуы оны жүзеге асырудың берік, табанды және алға басушылық сипатын айқындайды. Үшіншіден, Бұл мемлекетті операциялық басқарудағы жаңа сөз. Мемлекеттік менеджментті жетілдіру тұрғысынан алғанда бұл қарапайымдандыра қойылған міндеттер мен нақты индикаторлық жиынтықтардың жүрек соғысының үйлесімі. Іс жүзіндегі іс-қимылдарды жоспарлаудың мұндай схемасы жүзеге асырылған шаралар мен нәтижелер ауқымын өлшеуге жағдай жасайтын өзіне тән шкаланы қалыптастырады. Сонымен бірге бес халықтық реформа стратегиясының негізінде дәлме-дәл бірізділік жатыр. Көптеген жағдайда бүкіл Ұлт жоспарының тиімділігі Қазақстан Көшбасшысы алға қойған басымдықтарды жүзеге асырудың кезектілігін сақтауға байланысты. Төртіншіден, Ұлт жоспары – ол жалпыға бірдей инклюзивті қарастыратын аса зор функциялық бағдарлама. Нұрсұлтан Назарбаевтың инклюзивті жаңғыртуы – ол әлемдік реформаторлық тәжірибедегі жаңалық. Реформаны табысты орындау үшін жаппай баршаға: мемлекетке, қоғамға, әрбір қазақстандыққа жұмылуға тура келеді. Оған деген барынша қатыстылық ұлттың жауапты дамуының ішкі санасына бойлаған Көшбасшының «100 қадамының» қуатты жасампаз пайымдарымен қамтамасыз етіледі. Таяуда өткен президенттік сайлау нәтижелері оған айқын дәлел болды. Бесіншіден, бес халықтық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық рейтингтердің «шендер табелінде» алға жылжуына жағдай жасайды. Әрине, әрбір қадамды орындау, қалай болғанда да, топ-30-да тұрған мемлекеттің «өркениеттілік паспортын» құрайтын жаңа экономикалық және әлеуметтік биіктерді алуын қарастырады. Бұл орайда Ұлт жоспарының өзіндік мақсаты – ол тек қазақстандықтардың көкейкесті өмірлік мәселелерін жүйелі түрде шешу. Бес реформаның бәрі де ең алдымен әлеуметтік сипатқа ие. Дегенмен, ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарын алға тарта отырып XXI ғасырдағы Қазақстанның болашақ бейнесін көз алдына айқын елестете алды. Елдің таяу жылдарда не нәрсеге ұмтылуы керектігін айқын түсіндірді. Іс жүзінде президенттік реформалардың болжанған нәтижелері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне тән негіз қалаушы сипаттамалармен тікелей астасады. Бұл ғылымды қажет ететін индустриялық даму және productive economy, болашақтың біртұтас ұлты, берік орта тап, «Ашық Үкімет», заң мен әділдіктің үстемдігі. Мен 15 жылдан соң, 2030 жылы-ақ Гарвард университетіндегі XXI ғасырдағы мемлекетті жаңғыртудың табысты тәжірибесін талқылау жөніндегі өкілетті халықаралық конференцияда Қазақстаннан келген тісқаққан саясаттанушының қалай сөз сөйлеп тұрғанын толығынан көзге елестете аламын. Ол Ұлт жоспарының бастау алуының куәгері, қазақстандық реформаның бірізділікпен егжей-тегжейлі жүзеге асырылуын іс жүзінде көрген адам. Олқылықтар мен кемшіліктерді анықтауға, үдеріске түзету енгізуге атсалысқан, нұсқаулықтар қалыптастырған және Қазақстан Үкіметіне кеңестер берген беделді сарапшы. Өз сөзін түйіндей отырып, қазақстандық сарапшы 2030 жылы бес институттық реформаның жүзеге асырылуын қорытындылайды. «Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша ЭЫДҰ стандарттарын жүзеге асырды. Ол тек табыс деңгейіне ғана емес, сонымен бірге азаматтар өмірінің жоғары сапасына да қатысты. Бес реформаны жүзеге асыру берік институттық негізді нығайтуға жағдай жасады. Меритократияның қатаң қағидаттарында құрылған мемлекеттік аппарат елдің кәсіби фронт-офисіне айналды. Барынша ашық сот жүйесі өзін әділетті, мөлдір әділ сот субъектісі ретінде көрсетті. Сыбайластық көріністері мейлінше төмендеді. Экономикадағы өңдеу секторының үлесі 75%-ды құрайды. Бүгінде Қазақстан ақпараттық технологияларды, жоғары технологиялы химия және биология өнеркәсіптерінің өнімдерін, медициналық жабдықтарды, роботталған ауылшаруашылық техникасын экспорттайды. Инвесторлар жер шарының әр түкпірінен біздің елімізге өз активтерін жаппай аударуда. Қазақстан – энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Орта тап үлесі елдің бүкіл халқының 70%-нан асады. Елдің әр тұрғыны діни және этностық белгілеріне қарамастан, өзін біртұтас ұлттың патриоты ретінде айқын тани отырып инфрақұрылымдар мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділікке ие. Азаматтардың жүйелі қоғамдық бақылау мен мемлекеттік органдардың есептілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыруға кеңінен қатысуына қолдау жасайтын тиімді институттар құрылған. Ұлт жоспарын жүзеге асыра отырып, біз әлемнің ең дамыған отыздығына ену жолында орасан зор серпіліс жасадық. Қазір екінші сатының жоспары әзірленді». Ал маған, Қазақстан табыстарын қолдайтын сарапшы ретінде 2015 жылы мен берген қазақстандық Ұлт жоспарының жиынтық күшінің саяси болжамы мен бағалаулардың жүзеге асқанын есту өте мақтанарлық болмақ. Бұл менің кәсібилігім мен сарапшылық түйсігіме берілген үздік баға. Қазақстанда менің достарым көп. Мен осындай ұлы елдің ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақты құрып жатқаны үшін бақыттымын.
Хуман САДРИ, Ақпарат және саяси талдау орталығының президенті (АҚШ).
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді