мыңға жуық адам «Ұлан» стадионынан табылды
23 мамыр Олимпиада күнін қалалықтар «Ұлан» стадионында сән-салтанатымен атап өтті. Шараға Тараз қаласы тұрғындары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері және жалпы білім беретін мекемедегі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Жалпы алғанда мыңға жуық адам бұл күні «Ұлан» стадионынан табылды. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева және өзге мәртебелі меймандар сөз алған шара барысында спорттың 11 түрі бойынша жиналғандар сынға түсті. Велошеру, шағын футбол, дартс, асық ату, ләңгі, арқан тарту, жеңіл атлетика, гир спорты, армрестлинг, арбамен жарысу, көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы жарыс түрлері бойынша сайысқандар бәсеке көрігін қыздырды. Бұқаралық спорттың ұшқыны байқалған мерекелік додаға қатысушылар жалпыхалықтық сипат алған мұндай додалар жиі ұйымдастырылса деген игі тілегін білдірді.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




