IV жазғы спартакиадада «Айша бибі» су добы клубы топ жарды
Ақпан айында жалауы желбіреген IV жазғы спартакиада Талдықорған қаласында әлі де жалғасын табуда. Спорттың 41 түрі қамтылған үлкен додаға өңіріміздің оғландары 19 спорт түрі бойынша қатысып, мүмкіндігінше жоғары нәтижеге қол жеткізіп жатыр. Қазіргі кезде жамбылдық балуандар сапынан еркін күрес шебері Мейіржан Әшіров алтыннан алқа тағынса, Руслан Сексенбаев пен Аслан Азизов, Ислам Азизов сынды балуандар үздік үштікке енді. Одан бөлек каратэ-додан облыс құрамасы таяуда ғана қос алтынды қоржынға салды. Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова кезекті додасын жеңіспен аяқтаса, Игорь Чехмарев әріптесінің жетістігін қайталады. Сонымен қатар «Айша бибі» су добы клубы кезекті мәрте елімізде өздеріне қарсылас жоқ екенін дәлелдеп, алтын медальді қоржынға салды. Спартакиаданың алғашқы қорытындысы сараланған баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков басты мақсат спортшыларымыздың ұлттық құрамадағы орнын нықтап, олимпиадалық лицензия жолындағы жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасау екенін айтып өтті.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




