Грузия елінің астанасы Тбилиси қаласында шотокан каратэ-додан әлем біріншілігі өтті. Айтулы сынға әлемнің отыз елінен 1800 спортшы қатысып, өзара кім мықтыны айқындады. Ұлттық құраманың сапына енген жамбылдық төрт спортшының ішінен айрықша көзге түскен 48 келідегі Әйгерім Тұрсынбекова қарсыластарының бәрін айқын жеңіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Асхат Қосақов жаттықтыратын жамбылдық ару осы додадағы табысынан кейін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болса, отыз елдің ішінен Қазақстан құрама командасы жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Грузия қанжығаға байласа, екінші орынды Әзірбайжан, үшінші орынды Ресей құрамалары иеленгенін де айта кету керек.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




