жаңа биіктерге жетелейді
Әшен Қырғабақұлы, зейнеткер. Тәуелсіздік алғалы бергі еліміз жүріп өткен белестер көз алдымда. Бәрі көкірегімде сайрап тұр. Біз өтпелі кезеңнің ауыртпалығын бірлесе жеңе білдік. Бұл, ең алдымен, халықты татулыққа үндеген Елбасының сара саясатының жемісі. Екіншіден – алауыз болмай, ауызбіршілік танытқан, Мемлекет басшысын қолдаған елдің көрегенділігінің арқасы. Президентіміздің ұстанған бағыты – жасампаздық. Елбасы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, ол қазіргі заманғы табысты мемлекетті құрды. Қазақстанды әрі қарай дамыту үшін бес институттық реформаны қабылдады. Өркениетке бастайтын Ұлт жоспарында болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру мәселесін көтерді. Меніңше, бұл – барлық жетістіктерге жол ашатын басты қадам. Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады. Мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Қазақтар Жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие. Бұл – қазақтың ұлттық сипатын сақтап, дамытудың және еліміздің қазақы болмысын нығайтудың басты факторы» деген сөзі көп нәрсені ұғындырғандай. Халық елдік мүдде жолында жұмылған жұдырықтай болмаса, көздеген мұратына жете алмайтыны тарихта сан мәрте дәлелденген. Кешегі мен бүгінгіні саралай отырып, мен кейде еріксіз ойға шомамын. Телеарналардағы Президент туралы әзірленген хабарлардың бірінде Н.Ә.Назарбаев бала кезінде ұшқыш болуды армандағанын айтады. Егер әкесі Әбіш кері шақыртып алмағанда, бозбала Нұрсұлтан мақсатына жетер ме еді, кім білсін?! Осы бір биікке құштарлығынан шығар, бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқын өрге бастап келеді. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауды әлі ұмыта қойған жоқпыз. Ауылдағы қариялар зейнетақының орнына екі-үш айда ұн, шекер, май секілді азық-түлік қана алып, жұрт қатты жүдеген. Сол кездегі экономиканың құлдырауы сонау сексенінші жылдарда басталғанын біреу білсе, біреу білмейді. Кеңестік кезеңнің кейбіреулер үшін өзіндік артықшылықтары болған шығар, бірақ ол кезде барлық нәрсе шектеулі еді. Дүкендерде импорттық тауарлардың тапшылығы қатты сезілетін. Оның өзін қолы жеткен ғана алатын. Ал қазір, шүкір бәрі де қолжетімді. Елбасы мемлекеттік органдар басшыларының есептілігін күшейтуге баса көңіл бөлуде. Президент Жарлығымен, әртүрлі деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп беретін болды. Соның арқасында қарапайым ауыл жұрты басшылар атқарған жұмыстарының кемшін тұстарын жеткізіп, елді мекендерді қайта көркейтуге мүмкіндік тууда. Мысалы, Меркі ауданында шамамен 80 мың адам тұрады. Тұрғындардың басым бөлігі аудан әкімі Б. Көпбосынов, орынбасарлары Қ. Смаилов, М. Өмірбеков және басқа да сала басшылары мен ауылдық округтердің әкімдерінің қабылдауына жазылып, ұсыныс-тілектерін жеткізе алады. Ал олар дер кезінде азаматтардың шағымы бойынша шара қолданып, сыннан қорытынды шығарады. Мемлекеттік қызметкерлер мен көпшілік арасында байланыс орнықтырудың бір жолы осы. Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді