дені сау бала туды АҚШ-та адам айтса нанғысыз жағдай болды. Небраска штатында миы өлген әйел адам дені сау баланы өмірге әкелді. Британиялық Mirror басылымының мәліметінше, екінші рет құрсақ көтерген Карла Перес кенеттен көп қан жоғалтып, ауруханаға жатқызылады. Алайда, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмайды. 22 жастағы келіншектің миы тіршілігін тоқтатып, жан тапсырған. Бірақ іштегі сәбидің өмірін сақтап қалуға бар күшін салған ақ халаттылар кеудесінде жүрегі соғып тұрған әйелді арнайы аппаратқа қосады. Миы өлген келіншек мұндай күйде 54 күн жатады. Сөйтіп сәуірдің 4-інде балаға 7 ай толып жетілгенде ота жасалып, салмағы 970 грамм ұл дүниеге келген.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді