Жерлестеріміз алғашқы айналымды алтылықта аяқтады
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы айналымы түгесілді. Он бірінші турда Павлодарға қонаққа барған «Тараз» футбол клубы қарсыластары «Ертістен» 1:0 есебімен айласын асырып, турнир кестесіндегі алтыншы орнын сақтап қалды. Екінші айналым аяқталған соң бірінші кезең қорытындысы шығып, «фавориттер тобы» мен «аутсайдерлер аймағы» анықталатыны белгілі. Бірінші айналымды алтыншы орынмен түйіндеген «Тараз» ойыншылары қалған он бір ойында алған беттерінен қайтпай, алғашқы алтылыққа енсе, жүлде үшін талас жүргізетін болады. Павлодардағы матчта Олександр Яровенко ойынның отыз бесінші минутында есеп ашқан болатын. Таблодағы көрсеткіш ойын соңына дейін сақталды. Бұл күні «Тараз» қорғаныста сауатты ойнаса, «Ертіс» шабуылда түк өндіре алған жоқ. Біріншілік басталмай тұрып бас бапкер Евгений Яровенко: «Кем дегенде жетінші орын аламыз» деген еді, енді сол көздеген межеден асып түсуге мүмкіндік мол.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




