«Астана арландары» 23-24 мамырда Ресей боксшыларымен қолғап түйістіреді
Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалында «Италия тандер» командасын қос кездесудің қорытындысы бойынша 9:1 есебімен ойсырата жеңген «Рашн боксинг тим» командасы жартылай финалда «Астана арландарына» қарсы рингке шығады. Ресейлік ұжымның белді боксшыларының бірі Виталий Дунайцев: «Жартылай финалдағы кездесуге мен де, өзге де команда көшбасшылары қатыспайды. Бір боксшының жарақаты бар, сырқаты бар, одан бөлек байрақты бәсекелерде рингке шығамыз. Алда олимпиада. Төртжылдықтың басты додасына жолдаманы көбірек алу үшін де, негізгі боксшылар демалысқа жіберіледі» деп мәлімдеме жасады. Италияға қарсы негізгі құрамын шығарған ресейліктердің мұнысын бокс мамандары «Жеңілетіндіктерін білгендіктен, осындай қадамға барып отыр» деп түсіндірді. Жартылай финал Астанада өтеді. Боксшылар С1, С2 дәрежелері бойынша екі күн бойы шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды. Жерлестеріміз алты кездесуде жеңіске жетсе, ақтық сынға шығады.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




