«Қазақстан» ұлттық арнасы. Таңғы сағат – 8.00
Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлемнің супер чемпионы, IBO тұжырымы бойыншаәлем чемпионы, WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы Геннадий Головкин кіші Вилли Монромен жекпе-жектің алдында Лос Анджелес штатында ресми түрде жүзбе-жүз кездесті. Баспасөз мәслихаты барысында қос боксшы рингте ұстанатын стратегиялары туралы айтып берді. Вилли Монро: «Головкинмен кездесуді ұзақ күттім. «Соғыс Құдайы» деген бейресми аты бар боксшымен шайқасу оңайға түспейді. Алайда мен тас түйін дайынмын. Сәл шыдасаңыздар жаңа әлем чемпионын көресіздер. Ол алдарыңызда тұр» деп сенімді үн қатса, қазақстандық боксшы: «Дәл қазір тамаша формадамын. Жаттығу жиындары сәтімен жүргізілді. 16 мамырда бокс жанкйүерлерінің назарына керемет драмалық шоу ұсынуды жоспарлап отырмын. Маған сеніңіздер. Бұл нағыз драмалық шоу болады» деп қысқа қайырды. Естеріңізге сала кетейік, екі бірдей әлем чемпионы тәжі, сондай-ақ, WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын жекпе-жекті «Қазақстан» ұлттық арнасы Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні шамамен таңғы сегіздерде тікелей эфирде ұсынатын болады. Айтпақшы, бүкіләлемдік бокс кеңесінің ережесіне сай салмақ өлшеу рәсіміне қатыспаған Вилли Монро WBC белдігі үшін таласа алмайды. Монро жеңіске жеткен күннің өзінде жасыл белдік басқа боксшылар арасында сарапқа салынбақ.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




