оған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында велошеру ұйымдастырылды. Бұқаралық спортты дамытудың айшықты бір көрінісіндей болған бұл шараға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысып, сөз сөйлеп, халықпен бірге велосипед айдады.
Бұқаралық спортты өрістетудің бір жолы осы велошеру екенін айтып өткен Кәрім Нәсбекұлы: «Мына велододаны 6 шақырым деп жоспарлапсыздар. Бәріміз бір келісімге келіп, 10 шақырымға дейін ұзартсақ қалай қарайсыздар?» – деп сұрақты қалың көпшілікке тастап еді, ел бірауыздан басшысын қолдай кетті. Осылайша, жүздеген қала тұрғындары облыс әкімінің соңына еріп, қос аяқты темір тұлпармен жолға шықты. Әрине, орта жолда шалдығып қалғандар да ұшырасты. Дегенмен, қала халқының жалпыхалықтық маңызға ие болған шараға бір кісідей қатысқаны көңіл қуантты.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




