Спорт және туризм
Геннадий Головкин: Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу менің арманым
- author «Ақ жол»
- 7 мамыр, 2015
- 568
Геннадий Головкин: Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу менің арманым
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Флойд Мейвезер кішімен жекпе-жек өткізу арманы екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Вoxingscene.com басылымына сілтеме жасап. "Соңғы бес жылда барлығы Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жекке шыққанын қалады. Флойд өте ақылды, бұл оның стилі. Менің ойымша, Пакьяо жекпе-жекте өзін бақылай алмаған сияқты. Ол Флойдқа қарсы ештеңе істей алмады. Пакьяо өте мықты, бірақ бұл кездесуде Флойд өте ақылды болды", - деді Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, P4P рейтингі бойынша америкалық Флойд Мейвезер кішінің мансап жолындағы ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндердің қатарында Геннадий Головкин де бар. Сонымен қатар, USA Today sports Головкиннің Мейвезерді жеңе алатын жалғыз боксшы екенін хабарлады. "Бұл жігіт 32 жекпе-жегінің 29-ын нокаутпен жеңді. Оның ішінде қарсыластарын қатарынан 19 рет нокаутқа жіберді. Бұл орта салмақ тарихында болмаған нарсе", - деп хабарлады басылым.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




