Қоғамдық институттардың рөлі арта түседі

Қоғамдық институттардың рөлі арта түседі
ашық дереккөз
Қоғамдық институттардың рөлі арта түседі

30Бақыткүл Мырзалиева, «Құлан нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздік белесі – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың мықты стратегиялық жоспарларының, кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында еліміз үлкен табыстарға қол жеткізді. Кеңестік кезеңнің тәрбиесімен өскендіктен біздің буын сол кездегімен салыстырғанда қазіргі жағдайдың артықшылықтарын жақсы білеміз. Бүгінде шағын кәсіпкерлік даму үстінде. Өз кәсібін ашамын дегендерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір жеке жоба жасауға да, оны іске асыруға да мүмкіндік бар. Осыдан екі жыл бұрын ауданда «Құлан нұры» қоғамдық бірлестігін құрдық. Ондағы мақсатымыз – кейбір әлеуметтік мәселелер жайлы ауыл жұртшылығының ақпараттық танымын кеңейту. Алғашқы таңдаған жобамыз «Ауылдық жерлерде отбасы институтын нығайтуды ұйымдастыру» болды. Бастапқыда көкейімде қоғамдық ұйымдардың ертеңі қалай болар екен деген дүдәмал ой тұрғанын жасырмаймын. Бірақ, қоғамдық бірлестік жұмысына дендеп араласа келе ондай күдікке негіз жоқ екенін түсіндім. Азаматтық-қоғамдық институттар мәселесі Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған бес институттық реформада да айқын көрсетілген. Мемлекет басшысының жаңа бес институттық реформасын Қазақстан мемлекеттілігін нығайтатын, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосатын стратегиялық құжат десек, артық айтқандық емес. Жалпы, Қазақстан қоғамы кезең-кезеңмен өзгерістерді бастан кешіруде. Бұрынғыдай емес, бұған бейімделіп те қалдық. Бұл бір жағынан ішкі қарама-қайшылықтарды туғызбай, саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беруде. Тұрғындар кез-келген саладағы жаңа реформаның өркениетке бастайтын жол екенін айқын түсінеді. Бүгінгі тәуелсіз қазақ қоғамы осылай қалыптасуда. Елбасы айтқандай, бес институттық реформа – ел дәл осындай ізгілікпен өтуі тиіс бес қадам. Бұл жолдан барлық табысты мемлекеттер өткен. Президент қоғам мен мемлекеттің біртұтастығына қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар басшыларының есептілігі тәжірибесін кеңейту, шешім қабылдау үдерісінің мөлдірлігін қамтамасыз ету қажет екенін айтты. «Ашық үкімет» тетігі арқылы азаматтарды барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді тартудың маңыздылығына тоқталды. Оған алдағы уақытта қабылданатын көпшілік ақпараттарға қолжетімділік туралы жаңа заң негіз болатынын түсіндірді. «Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту маңызды. Үшіншіден, азаматтық бюджеттендіруді енгізген жөн. Әңгіме азаматтық қоғам өкілдерінің өңірлердегі бюджет қаржысын бөлуге қатысуы туралы болып отыр. Төртіншіден, шағым жасау жүйесін нығайту маңызды. Заңнамада азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің іс-қимылына шағым жасауына мүмкіндіктер кеңейтілген болуы керек. Бесіншіден, қоғамда өзін-өзі реттеуді кеңінен енгізуді қамтамасыз ету қажет», – деді Мемлекет басшысы. Ал өзін-өзі реттеу жүйесі қоғамдық институттардың жұмысын күшейту арқылы жүзеге асатыны белгілі. Елбасының мемлекеттік органдар жауапкершілігі аймағын әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсетулер, олардың дайындығына орай азаматтық қоғам институттарына байланысты өкілеттіктерді бере отырып, кезең-кезеңмен қысқарту мәселесін көтергені де сондықтан. Бұл қадам келешекте қоғамдық институттардың рөлін арттыруға жол ашады. Елбасы айтқан транспарентті және есеп беруші мемлекеттің іргесін қалаудың негізгі бағыттарының бірі осы. Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар