«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда қарсыласы жоқ

Қазақстанда  қарсыласы жоқ
ашық дереккөз
Қазақстанда қарсыласы жоқ

«Айша бибі» су добы клубы Ресей чемпионатын алтыншы орынмен түйіндеді

«Айша бибі» су добы клубы таяуда түйінделген Ресей ашық біріншілігін алтыншы орынмен аяқтады. Ресейдің Нижний Новгород, Кириши, Волгоград, Ханты-Мансийск, Санкт-Петербург, Златоуст, Мәскеу қалаларынан командалар және Қазақстанның Тараз қаласынан біздің команда өзара кім мықтыны анықтады. Барлығы «А» және «В» тобы бойынша 11 ұжым сынға түсті. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, су добынан Халықаралық деңгейдегі төреші, клуб директоры Алан Балфанбаев: «Бұл үлкен жетістіктердің бастауы ғана. Шеберлікті шың­дап, тәжірибені толыс­тыру үшін Ресей чемпионатында бақ сынаймыз. Әйтпесе, бізге елімізде қарсылас жоқ. Ресей біріншілігінде жыл сайын бір саты жоғарылап келе жатқанымызды ескерсек, жүлденің ауылы жақындай түскен сияқты» дейді. «Айша бибі» клубының құрамы тоқсан пайызға жергілікті спортшылармен жасақталғанын да айта кету керек. Ұлттық құраманың да негізін осы команданың ойын­шылары құрайды. Әлемдік лигаға дайындық жүргізіп жатыр. Окленд қаласында (Жаңа Зеландия) өтетін дода олимпиадаға іріктеу екені мәлім. Одан бөлек жазда Қазан қаласында өтетін әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғауды клуб вотерполшылары биік мақсат санайды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар