Болат Ниязымбетов Ирак құрамасын баптайды
Әуесқой бокстан Атланта олимпиадасының қола жүлдегері, даңқты жерлесіміз Болат Ниязымбетов Ирак құрамасының бас бапкері қызметіне кірісті. Ирак боксының тізгінін ұстағандармен өзара келісіміне сенсек, бастапқы шарт бойынша жерлесіміз бір жыл Ирак боксшыларын баулиды екен. Әрмен қарай шарт мерзімі ұзаруы да ықтимал. Жерлесімізге Араб ойындары мен Азия, әлем біріншіліктерінде Ирак құрамасымен көбірек жүлде алу міндеті жүктеліп отыр. Сонымен қатар, Риода өтетін олимпиада ойындарына да жолдаманы молынан алу Ниязымбетовтың мойнына артылған ауыр жүк. «Бұл күндері жағдай жақсы жасалып жатыр. Дохада өтетін Араб ойындарына дайындықты бастап кеттік. 5-18 мамыр аралығында Анкарада Түркия боксшыларымен бірлескен жаттығу жиындарын өткіземіз. Араб ойындарынан кейін Қазақстан құрамасымен бірге Азия чемпионатына дайындалу да жоспарда», – депті жерлесіміз өз ойымен бөліскен сұхбаттарында. Ирак боксшыларын бұған дейін Дамир Буданбеков жаттықтырған болатын.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




