Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ардагерлер арасында бильярдтың американдық пирамида түрі бойынша жарыс болып өтті. Жасы келсе де, қайраты мен қажыры, дәлдігі, бабы кетпеген Әмірбек Дәуренов, Ералы Тазабаев, қаламгер Арғынбай Бекбосын, Жәнібек Майқанов, Нәрейім Сейдуалиев, Хаби Бибол, Совет Ғалиакпаров, Қазбан Сартаев сынды сыралғы ойыншылар екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтасты. Әр топтың үздіктері өзара чемпионды айқындаса, үшінші орын Қарбан Сартаевқа, екінші орын Совет Ғалиакпаровқа бұйырды. Өзгелерге қарағанда мергендігімен көзге түскен Әмірбек Дәуренов чемпион атанды. Жеңімпазға түрлі түсті теледидар тарту етілсе, екінші орынға музыкалық орталық, үшінші орынға радиоқабылдағыш ұсынылды. Жүлделерді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков табыстады. Бұл жарыс тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бастысы ардагерлер бірнеше сағат бойы бильярд ойнап, дене шынықтырды. Орта есеппен бір сағат тастаяқты маңайлаған адам үш шақырым жаяу жүретінін де айта кету керек. Соңыра олар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Табиғат Абаилдаев,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




