Шымкент шаһарында әйелдер арасында бокстан кезекті ел біріншілігі өтті. Аталмыш сында жамбылдық арулар үш бірдей күміс медальға қол жеткізді. Алты күнге созылған аламанның ақтық сынына 48 келідегі Әйгерім Асқарова, 75 келідегі Юлдуз Маматкулова, 69 келідегі Айдана Бақытқызы алқынбай шыққан болатын. Финалға дейінгі қарсыластарын қиналмай жеңген жамбылдық боксшылар ақтық сында қарсыластарына есе жіберді. Әйгерім Асқарова Алина Тұрлыбаевадан айласын асыра алмаса, Айдана Бақытқызы Гауһар Ермекбайды жеңе алмады. Ал әлемге аты мәшһүр Юлдуз Маматкулова Дариға Шәкімовадан 1:2 есебімен ұтылды. Жамбылдық боксшы қыздар бұған дейін де жақсы өнерлерімен жанкүйерлерін қуантып жүрген. Ел чемпионатындағы бәсеке біздің арулардың алдағы додаларға дайындықты одан әрмен үстемелей түсулері керектігін аңғартты. Жеңісті күндер әлі алда екені талас тудырмайды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




