Қос жүлде қоржында
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек шаһарында грек-рим күресінен ауған соғысының ардагері Виктор Москальченко атындағы турнир болып өтті. Тартысқа толы додаға бірнеше мемлекеттен төрт жүзге жуық жас балуандар қатысып, бақ сынасты. Айтулы жарыста қазақстандық балуандар Нұргелді Айтжан мен Мұхаммед Аманжолов өз салмақтары бойынша топ жарды.
Қырғыз елінен келген спортшылар балуан Юрий Мельниченко, бильярдшы Қаныбек Сағындықов, боксшы Руслан Мырсатаев, футболшылар Асхат Қадырқұлов пен Эмиль Кенжесариевтер еліміздің намысын спорт әлемінде абыроймен қорғағанын айта кету керек. Бильярдтан үш дүркін әлем чемпионы Қаныбек Сағындықовты Шу қаласының тұрғыны, кәсіпкер, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінің иегері Аңсар Қаранеев баулығанын да тілге тиек еткен жөн.
Нариман Шалбаев, Бішкек қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




