Қазақстанды мекендейтін 130-дан аса ұлттың бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір сүруі, елдегі салиқалы саясаттың арқасында жүзеге асырылуда. Президенттің «Нұр Отан» партиясының ХVI Съезіндегі «Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді» деген сөзіне алып-қосарым жоқ.
Сондай-ақ, «Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Қазақтар Жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие» деген сөзінде де риясыз шындық жатыр. Иә, біз Мәңгілік Ел құрып жатқан қазақстандықтармыз. Қазақ халқының толеранттылығы арқасында өзімізді еркін де, ежелгі дос сезінеміз. Сонау Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары Поволжье аймағынан күштеп қоныс аударылған, неміс ұлтының өкілдері қазақ халқының бауырмалдығын сезінді. Мен де қазақ тілінде сөйлеймін. Мемлекеттік тілді білуім – менің артықшылығым. Кез-келген ортада сол тілде сөйлеу арқылы құрметке иемін. Мемлекеттік атқарушы органдардың қолдауын, қамқорлығын сезінемін. Бүгінде Талас ауданында 35 неміс отбасы бар. Этномәдени орталығымыз жұмыс істейді. Бас қосатын, іс-шара өткізетін жерден тарыққан жеріміз жоқ. Мәселен, биыл Павлодар, Маңғыстауда өткізілген неміс этномәдени орталықтарының жиынына қатысып қайттым. Олардың қазақ халқына деген ілтипаты, құрметі ерекше. Осындай «алтын ғасыр» орнаған Қазақ елі көркейсін, достығымыз нығая түссін!
Владимир Рихтер, Қаратау қаласындағы неміс этномәдени орталығының жетекшісі.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




