Батыстық стандарттардың теріс ықпалына алаңдаушылық білдірді
- author «Ақ жол»
- 9 сәуір, 2015
- 240
Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті. Жиында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды. – Сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы, – деді кандидат. Өз сөзінде Т.Сыздықов, Коммунистік Халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты. «Марксизм-ленинизм теориясының әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағандығына және бүгінгі күн тәртібінде қолдануға болатындығына Т.Сыздықов сенімді. ХІХ ғасырдағы ұлы оқымыстылар мен ойшылдар негізін қалаған бұл ілім, қазіргі күнге дейін барлық сұрақтарға жауап беріп, оның басты бағыттары социалистер тарапынан керегінше дамытылуда. Шетелдік құндылықтар жүйесі қоғамның технологиялық және индустриалдық дамуында бастапқы белгілер жүйесін жоғалтып қарама-қайшылықтар жағдайына енуде. Батыстың жаһандық дәуіріндегі постиндустриалдық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларын дендеген трансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар және кедейлер болып бөлінуіне алып келді. Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін» делінген кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында. Кандидат әлемде кең таралған батыстық стандарттардың теріс ықпалына алаңдаушылық білдірді. Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда. Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда. Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі. Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдық жауапсыздық.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді