жерлестеріміз қарсылас шыдатпады
Таэквондодан жастар мен жасөспірімдер арасында мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовты еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті. Айтулы сынға еліміздің әр қиырынан үш жүзге жуық спортшы қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл сында жергілікті спортшылар қатарынан оза шауып бәйге алды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық таэквондо федерациясы бірлесе ұйымдастырған тартысты турнирге Қ. Тұрысовтың бауырлары да атсалысып, қолұшын берді. Нәтижесінде 37 келіде жамбылдық Батыр Бекетов топ жарса, 52 келіде қыздар арасында атыраулық ару Ақниет Кабдуллина жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, жамбылдық Ердос Рустамұлы мен шынашақтай қыз Камила Шаймұхамедова да өздерінің мықты екендіктерін дәлелдей білді. 51 және 52 келіде аталмыш спортшылар чемпион атанды. Турнирдің бас төрешісі Нұржан Есілбаев доданың тартысты өткенін айта келіп, таэквондоның Таразда күн санап дамып келе жатқанына қуанатынын білдірсе, облыстық таэквондо федерациясының өкілі Алмас Абдикайров жамбылдықтардың әлі де алар асуы алда екенін алға тартты.
Иә, бұл сында біздің команда жалпы есепте топ жарса, атыраулықтар екінші, маңғыстаулықтар үшінші орыннан көрінді. Жерлесіміз Томирис Әбдіманапова үздік таэквондошы атанды. Таразда таэквондо дамуы керек-ақ. Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған Арман Шілмановтың өзі Тараз төрінде жаттығу жасап, кейін басқа өңірге қоныс аударғанымен, біз үшін жамбылдық спортшы ғой. Оның ізбасарлары Тараздан шықпағанда қайдан шықсын?!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




