Құландық қос боксшы олжа салды
Бокстан 2003-2004 жылы дүниеге келген балғын былғары қолғап шеберлері Астана қаласының ашық чемпионатына қатысып қайтты. Дуы басым додаға еліміздің әр қиырынан көптеген боксшылар Астанаға ат басын бұрып, елорда төрінде керілген шаршы рингке көтерілді. Бұл сынға Құлан өңірінен ағайынды Рауан Раушанбек пен Ерсін Раушанбек те барды. Жаттықтырушы Бақытжан Қожахметов бастап барған қос оғлан шаршы рингте әдемі ұрыс сала білді. Ә дегеннен қарсыластарына дес бермеген 32 келідегі Рауан Раушанбек ақтық сынға алқынбай шығып, финалда да қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуып жүріп жеңіске жетті. 36 келіде сынға түскен оның бауыры Ерсін Раушанбек тек жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды. Қос боксшының да алар асуы мен бағындырар биігі алда деп сенейік. Ермаханның ізбасарлары батыр ағаларының жеңісті жолын жалғастыра берсін!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




